Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әбілқайыр Сқақов Екібастұздың негізгі проблемаларын атады

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 10:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екібастұздықтардың 65 пайызы отын-энергетика саласында еңбек етеді. Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарында бұл мәселе де көрініс тауып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екібастұз – еліміздің ең ірі үш моноқаланың бірі. Соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібінің өсуіне қарамастан, қаланың отын-энергетика кешеніне тәуелді болуы әлі де жоғары. Екібастұз экономикасының 65%-ы және жұмыс істейтін халықтың жартысы осы салада шоғырланған», - деді Палодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Үкімет отырысында.

Аймақ басшысы моноқаланың негізгі проблемаларын да атады. Олар:

- экология;

- ескірген әлеуметтік инфрақұрылым;

- тозған инженерлік желілер;

- қаладанадамдардың көшуі.

«Аталған мәселелерді шешу үшін ауқымды сараптамалық және қоғамдық талқылаудың қорытындысы бойынша 114 іс-шарадан тұратын қаланы дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Іс-шараларды іске асыру 932,8 млрд. теңгеге бағаланады. Жеке инвестициялардың үлесі – 89,5%, яғни бюджеттік 1 теңгеге 9 теңге жеке инвестициялар тартылады», - деді Әбілқайыр Сқақов.


Жоғары қарай