Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әбіл Еркін: «Алаш» басшылары үшін басты мақсат – автономия егемендігін бекіту болды

2020 жылдың 25 тамыз 2020 14:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның конституциялық эвалюциясы 4 кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысы келесі кезеңдерге негіз болады. Бұл туралы «Ақ жол» демократиялық партиясы «Алаш» институтымен бірге ұйымдастырған «Қазақ Республикасының 100 жылдығы және оның құрылуына «Алаш» қайраткерлерінің үлесі» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ Кеңестік автономиясының 100 жылдық мерейтойы қазақ қоғамының тарихи жадындағы бірқатар мәселені ашып отыр. Бұл соңғы жылдары болып жатқан қоғамдық-саяси процестерге де, қазіргі Қазақстандағы тарих ғылымының жағдайына да байланысты. Қазақстан аумағында ұлттық автономия құрудың барлық аспектілерін және осы процестегі әртүрлі саяси күштердің рөлін жан-жақты қарастыратын қызықты зерттеулер бар. Бұл – К.Нүрпейісов, М.Қойгелдиевтен бастап бүгінгі виртуалды аудиторияда жиналып отырған ғалымдардың еңбектері», - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбіл Еркін.

Ол осы бағыттағы зерттеулердің теориялық және әдістемелік негізін қалыптастыру қажет екенін айтты.

«Соңғы кезде Ресейдің ғылыми әдебиетінде қазақтың қоғамдық қатынастық даму деңгейіне күмәнмен қарайтын мақалалар пайда бола бастады. Бұлар қазақ даласындағы ХХ ғасырдың басындағы барлық саяси оқиғаларды руаралық күрес ретінде сипаттайды. Бұл авторлар қазақтарға қатысты бұрыннан ұмытылған «киргиз» және «киргиз-кайсак» деген этнонимдерді қайта жаңғырта бастады. Әрине, қазақ даласындағы ішкі саяси қатынастардың руаралық сипаттарын жоққа шығаруға болмайды, бірақ ру-тайпалық күрестің күшеюі көп жағдайда Ресей отаршылдық саясатының нәтижесі болды. Қазақ элитасы жеткілікті түрде жаңарып, заманауи қоғам құруға ұмтылғанына күмән жоқ», - дейді ол.

Оның айтуынша, 1920 жылы Қазақ Кеңестік автономиясының жариялануы 1917 жылы «Алаш» автономиясының жариялаудан бастаған Қазақсатнның конституциялық эволюциясының қадамы ретінде қарастыру керек.

«Біздің түсінігімізде, Қазақстанның конституциялық эвалюциясы 4 кезеңнен тұрады. Олардың әрқайсысы келесі кезеңдерге негіз болады. Бірінші кезең – 1917 жылы «Алаш» автономиясының жариялануы. Екінші кезең – 1920 жылы Ресей Федерациясының құрамында Қазақ автономиясының жариялануы. Үшінші кезең – 1936 жылы қазақстан егеменді мемлекет мәртебесін және одақтан шығу құқығын алғаны. Төртінші кезең – Қазақ Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы 1990 жылы деклорацияға деп бекітілген ресми құқықтарды пайдалану нәтижесінде қазақстанның тәуелсіздігін жариялау мүмкіндігі пайда болған. Большевиктер мен «Алаштың» 1918-1920 жылдардағы одағы – екі жақтың мәжбүр болған одағы екеніне күмән жоқ. Бұл екі тараптып ымыраға келу саясаты. Ленин және большевиктердің қазақ автономиясын қалыптастыру және оның шекарасын белгілеу үдерісіндегі рөлін асыра бағалауға да, асыра төмендетуге де болмайды. «Алаш» басшылары үшін басты мақсат – автономия егемендігін және оның шекараларын заңды түрде бекіту болды. «Алаш» зиялылары осы жолда өмірлерін де құрбан етті», - дейді ол.

Фото: kstnews.kz


Жоғары қарай