Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Абдулла Гүл Елбасын келе жатқан 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

2020 жылдың 5 шілде 2020 17:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Абдулла Гүл Елбасын келе жатқан 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке мен толайым табыс тіледі.

Түркияның бұрынғы Президенті әлемде беделі жоғары, қуатты және өркендеп келе жатқан Қазақстанның қалыптасуындағы Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасының тарихи маңызын атап өтті.

Елбасы Абдулла Гүлге құттықтауы үшін шын жүректен алғысын білдіріп, Қазақстан-Түркия стратегиялық қатынастарын дамыту және нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеген жылдарды жылы сезіммен еске алды.

Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болды.


Жоғары қарай