Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Абайдың 175 жылдығы: ШҚО-да 71 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды

2021 жылдың 26 ақпан 2021 14:29

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ұлы Абайдың 175 жылдығына орай 71 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантиндік шектеулерге байланысты хакім мерейтойына орай өңірде жоспарланған 560 шараның 198-і жүзеге асырылды. Оның ішінде 71 инфрақұрылымдық жоба мәресін жеткен. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беруінде айтты.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жанында «Абайтану» ғылыми-зерттеу институты құрылды. Облыс мектептерінің 5-8 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған кабинеттер ашылып, элективті курстар енгізілді. Сонымен қатар «Абай әлемі» кітаптар сериясы жарық көріп, облыс театрларында «Абай», «Жас Абай», «Қара сөздер», «Абай жолы: «Сен өз ойларыңмен бізге ұқсайсың!» спектакльдері қойылды.





«Семей қаласында «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің салтанатты ашылуы мен Мемлекет басшысының абайтанушылармен кездесуі мерейтойдың негізгі оқиғалары болды. Барлық шаралар Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттауға, оның идеяларын қазақстандықтардың жаңа буынына патриоттық тәрбие беруде пайдалануға, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауға, Семей қаласының туристік инфрақұрылымын және Абай ауданының тарихи жерлерін дамытуға бағытталды», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған арнайы бағдарлама аясында белгілі археологтар - Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубаевтың жетекшілігімен және әлемнің 20 елінен келген ғалымдардың қатысуымен аймақтың маңызды археологиялық ескерткіштерін зерттеу жалғасуда. Шілікті мен Елеке Сазы қорымдарынан «Алтын адам» және «Үржар ханшайымы» артефактілері табылып, «Ұлы Дала алтыны» арнайы экспозициясына біріктірілді.





«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудегі басты міндетіміз - белгіленген жоспарларды іске асыру, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасын қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ету», - деп қорытындылады Даниал Ахметов.








Жоғары қарай