Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Абайда пульмопровизорлық госпиталь жөнделді

2020 жылдың 14 қараша 2020 23:17

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Абай ауданында Жұмыспен қамту жол картасы бойынша жалпы сомасы миллиард теңгеден асатын 42 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. 349 жұмыс орны құрылды. Жолдар мен әлеуметтік нысандар ретке келтіріліп, саябақтар мен гүлзарлар абаттандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Абайға жұмыс сапары барысында орталық ауруханада болды. Оған күрделі жөндеуден кейін ашылған пульмопровизорлы госпиталь көрсетілді.




Бөлімше 28 орынға есептелген. Қазір палаталар бос, себебі науқастар жоқ. Қажет болған жағдайда барлығы пациенттерді қабылдауға және білікті медициналық көмек көрсетуге дайын. Аурухана ӨЖЖ аппараттарымен, сандық рентген аппаратымен, оттегі концентраторларымен жабдықталған, дәрілік заттардың жеткілікті қоры бар. Әрбір төсекке орталықтандырылған оттегі жеткізілді. Лас аймақтан тазасына өту дезинфекция жүйесімен жабдықталған.




Сондай-ақ, аурухананың қабылдау бөлімі жөнделді. Газ толтыру станциясы орнатылды.

Абай ауданында жаз бойы 18 білім нысаны жөнделді. Дубовка, Көксун және Топар елді мекендерінің мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бес ауылда жаңа спорт корттары мен алаңдары пайда болды.







ТКШ-ның тоғыз нысаны жөнделді. Биыл Абай мен Қарабас кентіндегі кәріз жүйесі мен

тазарту құрылыстарын қайта жаңарту аяқталады. Су құбыры желілерін қайта құру Құрма және Дубовка ауылдық округтерінде жүргізілуде.

Абай ауданында сонымен қатар шағын және орта бизнес дамуда. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін ABAY MALL ірі сауда орталығы ашылды. Оның құрылысына инвесторлар миллиардтан астам теңге салды. Құрылтайшылар жер учаскесін өз меншігіне алды және оның аумағында 10 мың шаршы метрлік заманауи сауда кешені салынды.

Сауда орталығында азық-түлік супермаркеті, тұрмыстық техника және құрылыс материалдары дүкендері жұмыс істейді. Бос дүңгіршектер басқа тауарлармен толтырылады. Балалар ойын алаңы пайда болады. Осы ғимаратта алғашқы жеке кинотеатр ашу жоспарлануда.

Жоба «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша несиені субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау алды. Оны іске асыру өңірді 150 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етті.


Жоғары қарай