Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Абай ұлағатын есімізден шығармауымыз керек - жас ғалым

2020 жылдың 10 тамыз 2020 21:41

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Оқу мен тәрбиеде, ғылыми-шығармашылық жолда Абай ұлағатын есімізден бір сәт шығармауымыз керек. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау универсиетінің PhD докторы, жас ғалым Гүлназ Бөкен осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде 10 тамыз күні Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Абай күні» болып бекітілді. Бұл Алаш елі үшін, әдебиет сүйер қауым үшін қуанышты жаңалық. Себебі ұлт болашағы үшін Абайдың рухани мұрасын ұлықтау, Абай толғаған құндылықтарды жас ұрпақтың бойына дарыту – абзал істеріміздің бірі», – дейді Гүлназ Бөкен.

Жас ғалымның айтуынша, бүгінгі таңда жаһандық деңгейде ақын мұраларының насихатталуы – Абайды әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға екенін айқын дәлелдейді.

«Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Абай – рухани реформатор» мақаласында да кемел ақын мұрасының мән-маңызын саралай келе, Абайдың рухани тағылымымен үндес білім игеру, тәрбие мәселесі, жаңа кәсіп игеру, ынтымақ мәселесі сынды негізгі төрт қағиданы ұстану қажеттігіне тоқталды. Асылы, аталмыш қағидаттарды жүзеге асыру – жаһандану дәуірдегі әрбір азаматтың негізгі ұстанымы болуы керек. Яғни оқу мен тәрбие беруде, ғылыми-шығармашылық жолда Абайдың қара сөздерін, ұлағатын есімізден бір сәт шығармауымыз керек», – деп түйіндеді Гүлназ Бөкен.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: #Аbai175, Ақмола облысы,
Жоғары қарай