Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Абай туралы бірнеше фильм түсіріледі – Мәдениет министрі

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 15:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абай туралы бірнеше деректі фильм мен телесериал түсіріледі. Бұл туралы елордадағы Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шарада ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл ұлы ақынның 175 жылдығын атап өту үшін кешенді жоспар дайындалғанын білесіздер. Халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Басты жиынның бірі – тамыз айында Семей қаласында өтетін ғылыми-практикалық конференция. Сондай-ақ, қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында ауқымды халықаралық конференция өтеді. Бұл жиындарда Абайдың тұлғасы мен мұрасы жан-жақты зерделеніп, одан әрі айшықтала түседі деп сенеміз», - деді А. Райымқұлова.

Осы орайда министр Мемлекет басшысы Абайды жаңа Қазақстанның символы ретінде таныту туралы айтқанын еске салды. Соған сәйкес ақынның өлеңдері мен қара сөздері он шет тіліне аударылады.

«Бұл ретте, біз аударма ісінің сапалы орындалуына басымдық береміз. Сонымен қатар, Абай туралы бірнеше деректі фильм және телесериал түсіру жоспарланып отыр», - деді Мәдениет министрі.


Жоғары қарай