Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Абай опера театрының цехы маска тігуді қолға алды

2020 жылдың 27 наурыз 2020 20:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының цехы вирустан қорғанатын маска тігіп, қайырымдылық ретінде таратуды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Театр қауымдастығы бірнеше күннен бері костюм тігу жұмысын кейінге қалдырып, вирустан қорғану маскаларын әзірлеп келеді. Біздің тігін цехының шеберлері осындай қиын кезеңде де шығармашылыққа басымдық беруде. Бір реттік және бірнеше рет қолдануға болатын дизайнерлік маскалар жақын арада еріктілерге жіберіледі. Осылайша, алматылықтарды вирустан қорғауға үлес қосып келе жатқандары үшін алғыс айтамыз», - деп жазылған театрдың Фейсбуктегі ресми парақшасында.

Сонымен бірге, 29 наурыз күні сағат 12:00-де тікелей эфирде әртістер театр өмірі туралы «ГАТОБ LIFE» жаңа жобасын ұсынады.

Жобаны театрдың Youtube, Facebook, Instagram парақшаларынан тамашалауға болады. Көрермендермен алғашқы онлайн кездесу «Корсар» балетіне арналмақ.





Еске сала кетсек, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны 135-ке жетті.

Олар:

Нұр-Сұлтан қаласында – 69

Алматы қаласында – 48

Қарағанды қаласында – 4

Шымкент қаласында – 2

Ақмола облысы – 1

Алматы облысында – 1

Ақтөбе облысында – 1

Атырау облысында – 3

Жамбыл облысында – 3

Павлодар облысында – 1

Солтүстік Қазақстан облысында – 1

Маңғыстау облысы – 1.


Жоғары қарай