Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Абай мерейтойы: Ел өңірлері Семей қаласын абаттандырып жатыр

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 02:20

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында Абайдың 175 жылдығына орай Шымкент пен Жамбыл облысының, Атырау, Ақтөбе және Павлодар қаласынан келген мамандар көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Ақпарат орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба бойынша аулаларда воркаут, футбол алаңдары жасалып, жергілікті тұрғындарға демалыс орындары салынған. Сондай-ақ аулаларға асфальт төселіп, жарықтандыру жұмыстары да қолға алынуда.








«Жамбыл облысы ұлы ақынның мерейтойына орай Докучаев және Засядко көшелерінің аулаларын абаттандырумен айналысып жатыр. Балалар және спорт алаңдары бой көтеріп, асфальт жамылғысы жаңартылды. Бұдан бөлек, жарық бағаналары орнатылып, футбол алаңы жабдықталды. Енді тек футбол алаңын қоршап, асфальттауды аяқтау ғана қалды», - дейді учаске бастығы Бауыржан Сүлейменов.

Бұл аулалардағы жұмыстар екі ай бұрын басталған болатын. Жоба бойынша абаттандыруға 3 жарым ай мерзім берілген. Алайда бүгінде жұмыстардың 80 пайызы аяқталды. Сондықтан осы айдың аяғына дейін аулалар толықтай абаттандырылмақ.





Жоғары қарай