Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Абай Қалшабек: Біз Абайды ғылыми тұрғыда көбірек танумыз керек

2020 жылдың 10 тамыз 2020 14:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақын, абайтанушы Абай Қалшабек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай - рухани реформатор» атты мақаласына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абайдың туған күнін « Абай күні « деп атау өте маңызды деп есептеймін. Абайдың шығармашылығына қазақ халқының, қазақстандықтардың назарын аударуға септігін тигізетін шара деп ойлаймын. Жалпы, ғалымдар тұлғатану үш кезеңнен тұратынын айтады. Бірінші кезең - мифтік кезең, яғни тұлға туралы аңыздар тарап, жақсы-жаман әңгімелер шыға бастайды. Екінші кезең - көркемдік кезең. Бұл кезеңде тұлға туралы көркем шығармалар жазыла бастайды. Мысалы, «Абай жолы» - тұлғатанудың көркемдік кезеңінің жарқын үлгісі. Үшінші кезең - ғылыми кезең. «Жалпы қазақ тарихында тұлғатанудың үш кезеңінен толық өткен бір ғана адам бар, ол - Абай. Бұл - Мекемтас Мырзахметұлының пікірі», - дейді Абай Қалшабек.

Оның айтуынша, Абайдың үш кезеңін жүйелеп берген адам - Мұхтар Әуезов, бірақ жалпы халықтың Абай туралы танымы мифтік кезеңнің ар жақ-бер жағында жүр.

«Кейбір адам Абай туралы көркем шығармаларды оқыған болуы мүмкін, ал ғылыми негізде танып білді деп айта алмаймыз. Халық оған әлі жеткен жоқ. Дәл қазір біз Абайды ғылыми, теориялық тұрғыда тану кезеңінің алдында тұрмыз», - дейді абайтанушы.

Ол 10 тамыз - Абай күні деп белгіленуі қаншалықты маңызды екенін айтты.

«Жас ұрпақ кімді үлгі тұту керек деген мәселеде қатты шатасады. Мысалы, Кененбай Қожабеков деген қазақтың ғажап актері бар. Ол «Қыз Жібек» фильмінде Жібектің әкесінің рөлін сомдаған. Оны танитын жастар қатары саусақпен санарлық қана. Жастар оны танымаса да, Голливуд жұлдызы Том Хэнксті бірден тануы мүмкін. Өз тұлғаларымызды тануға келгенде деңгейіміз өте төмен. Сондықтан 10 тамыз - Абай күні ретінде белгіленуі өте дұрыс шешім. Бұл «Қазақтың тұлғасы кім?» деген сұрақтың жауабын табуға қатты үлес қосатын шара. Абайдың шын мәнінде маңызды екенін еске салу - тәуелсіздік кезеңіндегі екінші, үшінші буын үшін өте маңызды болады», - дейді ол.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: #Аbai175,
Жоғары қарай