Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Абай ауданына жаңа әкім тағайындалды – ШҚО

2021 жылдың 22 маусым 2021 13:20

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімі болып Нұржан Әбдікәрімов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұржан Оразбекұлы 1971 жылы 9 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Сегізбай ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын «Тарих және қоғам тану пәнінің мұғалімі» және 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы бұрынғы Семей облысы Таскескен ауданы Сегізбай ауылындағы Тасбұлақ орта мектебінің балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бапкер болып бастады.

1991-1993 жылдары осы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болды.

1993-1994 жылдары тәрбие ісінің меңгерушісі.

1994 жылдан 2007 жылға дейін Тасбұлақ орта мектебі директоры қызметін атқарған.

2007-2009 жылдары Үржар ауданы Салқынбел ауылдық округіне қарасты Сегізбай ауылының әкімі болды.

2009-2013 жылдары Үржар ауданының білім бөлімінің басшысы.

2013-2017 жылдары Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болды.


Жоғары қарай