Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы ТМД елдері үздік 5 музейінің қатарына кірді

2020 жылдың 10 сәуір 2020 11:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТурСтат туристік порталы халық көп баратын және онлайн тур, виртуалды экскурсия жиі жасалатын, әлеуметтік желіде көп көрсетілетін ТМД мемлекеттері сурет өнері үздік мұражайларының рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соның ішінде Ресей, Беларусь және Қазақстанның көркем өнер мұражайлары – ТМД елдері сурет өнерінің ең танымал мұражайлары болды.

ТМД елдерінің үздік көркем өнер мұражайларының «ондығына» Мәскеудегі Третьяков галереясы мен Пушкин мұражайы, Санкт-Петербург қаласындағы Орыс мұражайы, Минск қаласындағы Беларусь Республикасының Ұлттық көркем өнер мұражайы, Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер мұражайы, Бакуде Әзербайжан Ұлттық өнер мұражайы, Ереванда Армения Ұлттық галереясы, Ташкентте Өзбекстан мемлекеттік өнер мұражайы, Кишинев қаласында Молдова Ұлттық өнер мұражайы және Бішкекте Ә.Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық сурет өнері ұлттық мұражайы кірді.

Рейтинг мұражайлар танымалдығын талдау қорытындылары, виртуалдық экскурсиялар мен мұражай экспозицияларына тур жасауға ұсыныстар бойынша жасалды.


Жоғары қарай