Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

9 сәуір. Туған күн иелері

2020 жылдың 9 сәуір 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 9 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




62 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Серікбайұлы МЕРЗАДИНОВ дүниеге келді. Шымкент облысы Киров ауданының Абай ауылында туған.

1975-1977 жылдар аралығында Киров ауданының шарап зауытында жұмысшы болып еңбек еткен. 1977 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне 1-курсқа қабылданып, 1978 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқуын жалғастырды. Аталған университетті 1982 жылы үздік аяқтағаннан кейін Алматы қаласының Калинин аудандық прокуратурасында прокурордың көмекшісі, аға тергеуші болып қызмет атқарды. 1986 жылдан бастап Қазақ КСР прокуратурасында тергеу басқармасының прокуроры, аса қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімі бастығының орынбасары, кейіннен Қазақ көлік прокуратурасының тергеу, анықтауды қадағалау бөлімінің бастығы, Совет ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарында болды. 1996 жылдың наурызы мен 2002 жылдың ақпан айы аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы және Қарағанды облысының прокуроры қызметін атқарды. 2002 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының ішкі істер вице-министрі болып тағайындалды. 2004 жылдың мамырынан 2005 жылдың маусымына дейін Астана қаласының прокуроры лауазымында болған. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (2005-2009); Қазақстан Респуликасының Бас әскери прокуроры (2009-2018).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың шілдесінде кіріскен.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін», «Астананың 10 жылдығы», «КСРО Қарулы күштеріне 90 жыл» мерейтойлық медальдарымен, II дәрежелі «Қайсар» төсбелгісімен марапатталған.




52 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Ильин Юрий Викторович дүниеге келді.

Куйбышев қаласында (РФ) туған. Білімі жоғары, 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын бітірді.

Еңбек жолы: 1985 жылдың тамыз айынан бастап И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты; 1989 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі; 1990 жылдың маусым айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі; 1992 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы; 1993 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстары бастығының орынбасары; 1996 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығының аға офицері; 1998 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы; 1999 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары; 2005 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары; 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқарма бастығының міндетін атқарушы; 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы; 2013 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары; 2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың сәуір айынан. «Құрмет» орденімен (2013 жылы), 8 мерейтой медалімен марапатталған.





49 жыл бұрын (1971) «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Болат Оралұлы АҚШОЛАҚОВ дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, есеп пен экономикалық кибернетика факультетін «экономист» мамандығы бойынша, 1998 жылы Мұнай және газ өндірісі білім орталығын «Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды бағалау» және «Мұнай өндіру экономикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілі: Alem Bank Kazakhstan - экономист, бас экономист (1994-1995); (1995-1997); Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкi бөлім бастығы, департамент директоры (1997-2001); «Қазақойл» ҰМГК» ЖАҚ аға сарапшы, менеджер, бас менеджер, департамент директорының орынбасары; (2001-2003); Commonwealth and British Services Ltd. бизнес-талдаушы, менеджер, қаржы директоры (2003-2006); «Қазмұнайгаз» ҰМК» ЖАҚ ҚБ үлестерін басқару жөніндегі атқарушы директор, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі (2006-2008); «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның электр энергетика және мұнай-газ активтері мәселелері жөніндегі басқарушы директоры (2009-2010); «PSA» ЖШС бас директоры (07.2010-10.2011); «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ президенті (10.2011-12.2011); Мұнай және газ вице-министрі (2012-2014); «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры (2014-2016); «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (2016-2017). Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі (2017-2019).

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың сәуірінен.




41 жыл бұрын (1979) Петропавл гарнизонының әскери прокуроры – Айдос Қайратұлы Рысқұлов дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған, мамандығы – құқықтану және қаржы.

Еңбек жолы: Қарулы күштерде жедел қызметтен өткеннен кейін, 2002 жылдан бастап есептік-тіркеу тәртіп бас маманынан Орталық ауданның бас әскери прокурорының көмекшісі, әскери прокурор және бас әскери прокуратура басқармасының бас әскери прокуроры қызметтерін атқарып, Оңтүстік аймақтық әскери прокурорының орынбасарына дейін көтерілген.

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың маусым айынан.




40 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызы дүниеге келді.

Қостанай облысы Арқалық қаласында туған. 2001 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген, заңгер-құқықтанушы. 2012 жылы ExeterUniversity (Ұлыбритания) университетін тәмамдаған, MPA (Master of Public Administration) дәрежесінің иегері, мемлекеттік басқару. 2006, 2008,2009 жылдары мемлекеттік басқару және саясат мәселелері жөніндегі қысқа мерзімдік тағылымдамадан өткен: ENA (Франция, 2006), DukeUniversity (АҚШ, 2008), LSE (Ұлыбритания, 2009).
Еңбек жолы: 2001-2003 жж. - маман, кадрлық жұмыс басқармасының жетекші маманы, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы, заңнама депатаменті директорының орынбасары, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменінің бас сарапшысы, ҚР Әділет министрлігі кадрлық қызмет департаменті директорының орынбасары. 2013-2015 жж. - ҚР Әділет министрлігі кадрлық қызмет департаменті директорының орынбасары, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау есеп комитетінде меңгерушінің орынбасары. 2015-2016 жж. - «СК-Фармация» ЖШС стратегиялық даму бөлімінің бастығы. 2016-2017 жж. - «СК-Фармация» ЖШС басқарушы директоры. 2017 ж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасы. 2018-2019 жж. - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ төрағасы міндетін орындаушы. 2019 жылдың наурызынан бастап - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың қыркүйек айынан.




39 жыл бұрын (1981) Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы ХАМЕНОВА дүниеге келген.

Атырау қаласында туған. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын, Атырау мұнай және газ институтын «мұнай және газ инженері» мамандығы бойынша, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының кандидаты.

1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы. 2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 2004-2005 жылдары «Рахат ТВ» Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті. 2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры, 2016-2020 жылдары VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болған.

Қазіргі қызметінде - 2020 жылдың наурызынан.





27 жыл бұрын (1993) жүзуден Азия паралимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Әнуар Ерланұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Ақмола қаласында туған. 2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәмамдаған.

2009-2012 жылдары Мүгедек-спортшылар арасында жүзуден ҚР чемпионаттарының жүлдегері және чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоу (Қытай) Азия паралимпиада ойындарының қатысушысы, 2014 жылы жүзуден Азия паралимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы. 2012 жылы Ұлыбританиядағы ашық чемпионатта күміс, екі қола медаль иеленген, 2015 жылы «Дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет белгісімен марапатталған.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай