Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

9 маусым. Туған күн иелері

2021 жылдың 9 маусым 2021 08:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат өз оқырмандарына 9 маусым күнгі «Есімдер» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




47 жыл бұрын (1974) «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Қайдар Сәмиғұлұлы ҚАРАҚҰЛОВ дүниеге келген.

Орынбор облысында туған (РФ). 1995 жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетін, 2012 жылы Ресей Федерациясы Бас штабының Әскери академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолы: Танк взводының командирі, мотоатқыш ротасының командирі, мотоатқыш батальоны командирінің орынбасары, жекелеген батальон командирі, бригада командирінің орынбасары, бригада командирі, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 жылдың 18 сәуірінен бастап ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың мамырынан.




41 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы ӘБДІРАХЫМ дүниеге келді.

Жамбыл қаласында туған. «Қайнар» университетін «заңгер» мамандығы бойынша, Иель менеджмент мектебін бітірді. Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары – «Астанаэнергосервис» АААҚ бақылаушысы. 2002-2007 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде тағлымдамашы, жетекші, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы, заңнама департаменті директорының орынбасары. 2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында – ҚР Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры. 2007-2009 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Кішізаң актілері департаментінің директоры. 2009-2012 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы. 2012-2021 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың мамыр айынан бастап.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай