Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

9 маусым. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылдың 9 маусым 2021 07:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат өз оқырмандарына 2021 жылғы 9 маусымға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық архив күні

Бұл мереке 2007 жылы қарашада Квебекте (Канада) Халықаралық архив кеңесінің Бас ассамблеясында (МСА, International Council on Archives, ICA) бекітілді. Аталған күн кездейсоқ таңдалған жоқ – 1948 жылы дәл осы күні ЮНЕСКО-ның шешімімен Халықаралық архив кеңесінің (МСА) негізі қаланды.

Дүниежүзілік аккредитация күні

2008 жылғы маусымның 9-да бекітілді. Халықаралық аккредитация форумы (IAF, International Accreditation Forum) мен Халықаралық аккредитация ынтымақтастығы зертханасының (ILAC, International Laboratory Accreditation Cooperation) ортақ шешімімен жаһандық бастамаға айналды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1993 жылы Алматыдағы Достық үйінде Каспий теңізі айдынының Қазақстанға қарасты қайраңында геологиялық барлау бағдарламасы жөнінде Халықаралық мұнай компаниялары консорциумы құрылды. Оның құрамына Қазақстан, Италия, АҚШ, Франция, Норвегия, Нидерланды, Ұлыбритания мұнай компаниялары кірді.

2006 жылы Алматыда курорт мәртебесіне ие жаңа «Жайлау» гольф-клубы ашылды. Клубтың ойын алаңдарын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Алматыда ашылған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XV мәжілісіне қатысушылар алғашқылардың бірі болып сынақтан өткізіп көрді. «Жайлаудың» 18 алаңының жалпы аумағы - 82 гектар. 18 ұясы бар гольф-алаң ТМД аумағындағы ең ауқымды гольф-курорттардың бірі болып танылып, әлемдегі ең үздік клубтардың каталогына енді. Жобаның авторы - аты аңызға айналған гольф шебері Арнольд Палмер негізін қалаған «Palmer Course Design Co.» компаниясы. Жаңа спорт кешенінің аумағында 38 вилла, 64 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй кешені және 3 теннис корты бар. Жаңа клубтың ашылу рәсімі Қазақстандағы осы спорт түрінің 10 жылдығына және Шетелдік инвесторлар кеңесінің XV мәжілісіне орайластырылды.

2009 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Торғай ауылының маңынан түркі дәуірінің «Қос батыр» ғұрыптық ескерткіші табылды. Ол ғұрыптық ескерткіш тастан қаланған төрт бұрышты екі қоршаудан тұрады. Екі қоршаудың шығыс жағында тастан қашалған екі батырдың мүсіні бар. Бұл мүсіндер VII-VIII ғасырда жасалған.

2010 жылы британдық суретші әрі режиссер Рут Макленнан Қазақстанның шөл және дала ландшафтары мен тарихы туралы көркем кино түсірмек. Аталмыш кинода археолог пен геолог сияқты екі кейіпкер болады, оның бір кейіпкерін жерлесіміз Сәуле Сүлейменова сомдады.

2015 жылы БАӘ пошта операторы мен «Қазпочта» АҚ пошта маркаларын бірлесіп шығару туралы шешім қабылдады. Бұл пошта маркалары екі достас мемлекеттің басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Халиф ибн Зайед әл Нахайянға арналған.

2017 жылы ҚР Президенті Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін ашық деп жариялады. «Бүгін біздің елімізде ғана емес, дүниежүзілік көрмелер тарихында айтулы күн. Қазір көптен күткен халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің шымылдығы ашылды. Осы салтанатты мерекемен баршаңызды шын жүрегімнен құттықтаймын», - деген еді Мемлекет басшысы көрменің ашылуында.

2017 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің Президенттері Ұйымның саммитінде Мемлекет басшыларының Астана декларациясына қол қойды. Сондай-ақ, ШЫҰ-ның Экстремизге қарсы күрес туралы конвенциясына, мүше-мемлекеттердің халықаралық терроризмге бірлесіп қарсы тұру жөніндегі мәлімдемесіне және Ұйымның бірқатар ішкі құжаттарына қол қойылды.

Төрағалық етуші мемлекет атынан Қазақстан Президенті барлығына сындарлы сұхбат, пайдалы ұсыныстар мен төрағалық еткен уақытта Қазақстан тарапына айтылған жақсы пікірлер үшін алғысын білдірді.

2019 жылы Нұр-Сұлтан уақытымен 20.00-де Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауына дауыс беру аяқталды. Сайлаушылардың 77,5% дауыс беруге қатысты. «Nur Otan» партиясының атынан ҚР Президенті кандидаттығына түскен Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 70,96%-ы дауыс берген.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай