Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

800 мың киікті өлтіріп, мүйізін Қытайға өткізіп келген қылмыстық топ ұсталды - ҰҚК

2021 жылдың 13 шілде 2021 10:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытайға киік мүйізін заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

8 шілдеде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, киік мүйізін заңсыз өндіру және Қазақстаннан Қытайға контрабанда арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді.

Дериваттардың ірі партиясын шетелге шығаруды ұйымдастырмақшы болған қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен қатысушылары ұсталды.

Жалпы салмағы 700 килограмм болатын 3144 киік мүйізі тәркіленді.

Браконьерлік әрекеттен Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келген.

Қазіргі уақытта оның саны - шамамен 800 мың бас.





ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі («киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оның шеңберінде қылмыстың өзге де қатысушыларын анықтау, фигуранттарда киік мүйіздерінің қосымша партияларының бар болуы бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жасалады.





Жоғары қарай