Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Денесінің 80 пайызын күйік шалды: Шымкентте жарылыс болды

2020 жылдың 5 маусым 2020 00:27

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан жергілікті тұрғын күйіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Абай ауданына қарасты Ынтымақ-2 шағынауданында болған.

«4 маусым күні кешкі сағат 18:10-да Жаңақұрылыс көшесіндегі жеке тұрғын үйдің ауласында газ-ауа қоспасы жарылды. Бұл, шарқайрақпен бөшкені кесу кезінде орын алған. Өрт болған жоқ. Оқиға салдарынан денесінің 80 пайызын күйік шалған 50 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа дәрежеде. Жарылыс болған жерге өрт сөндіру қызметі шақырылмаған», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай