Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

8 сәуір. Туған күн иелері

2020 жылдың 8 сәуір 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 8 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




62 жыл бұрын (1958) - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қаржы Академиясы» АҚ президенті, Еуразиялық экономикалық одақ желілік қаржы институтының жетекшісі Наталья Артемовна КОРЖОВА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 1979-1996 жылдары - Қазақ КСР, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің экономисі, аға экономисі, бөлім бастығы - басқарма бастығының орынбасары, бастығы, департамент бастығы. 1996-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 1999-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау бірінші вице-министрі, вице-министрі. 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болған. 2008-2017 жылдары Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы. Қазіргі қызметінде - 2017 жылдың сәуірінен. «Құрмет» орденімен марапатталған.




60 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Мұханбетқазыұлы ТӘЖИН дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туған. 1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, экономист мамандығы бойынша бітірген. Философия ғылымдарының кандидаты (1985). Әлеуметтану ғылымдарының докторы (1988). Лондон университетінің докторанты (1988). Профессор (1993 жыл). Ыстанбұл университетінің құрметті профессоры (2008 жыл). Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресейдің әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Ресейдің жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік академигі, Қазақстан Республикасы саяси ғылымдар академиясының академигі және президенті, Қазақстан Республикасы әлеуметтанушылар қауымдастығының президенті, Түркі тілдес елдер әлеуметтанушылар одағының президенті. 1981 жылдан бастап - Қаз КСР Ғылым академиясы Өндірістік күштерді зерттеу жөніндегі кеңестің кіші ғылыми қызметкері. 1983-1987 жылдары - аспирант, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы. 1991 жылдан бастап - әл-Фараби атындағы ҚазМУ жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі. 1992 жылдан бастап - Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары; Қазақстан Республикасының Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі; Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 1993 жылғы маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының Президенті Аппараты басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі. 1994 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі - Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі. 1995 жылғы қазаннан бастап - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының жетекшісі. 1999 жылғы ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі. 2000 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы. 2001 жылғы мамырдан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы. 2001 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2002 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 2006 жылғы сәуірден бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2007 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. 2009 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2013 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. 2014 жылғы ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі. 2017 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары. 2019 жылғы 1 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. 2019 жылдың қарашасынан қазіргі қызметінде.

«Құрмет» (2002), І дәрежелі «Барыс» (2007), ІІ дәрежелі «Барыс» (2016) ордендерімен және алты медальмен марапатталған. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері. Төтенше және өкілетті елші дәрежесіне ие.




54 жылбұрын (1966) Ақмола облысы әкімінің орынбасары АйнаЕрмекқызыМЫСЫРӘЛІМОВАдүниеге келді.

Екi жоғары бiлiмi бар, Қарағанды мемлекеттiк университетiн орыс тiлi мен әдебиет пәнiнiң оқытушысы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн әлеуметтану бакалавры бойынша бiтiрдi. Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. 1994 жылдың қаңтарынан бастап 2005 жылдың қаңтарына дейiн жергiлiктi атқарушы органдарда әртүрлi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызмет лауазымдарында жұмыс iстедi. 2005 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылдың сәуiрiне дейiн Ақмола облысы iшкi саясат департаментi директорының орынбасары. 2011 жылдың қараша айынан бастап Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары болып iстедi. 2013 жылдың наурызынан бастап 2015 жылдың қыркүйегiне дейiн - Аршалы ауданы әкiмiнiң орынбасары. 2015 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола облыстық хатшылығының меңгерушiсi. 2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы маусымға дейін облыстық iшкi саясат басқармасы басшысы. 2017 жылғы маусымнан қазіргі қызметінде.

44 жыл бұрын (1976) Жамбыл облысы Тараз қаласының прокуроры Елдос ӘМІРХАН дүниеге келді.

Прокуратура органдарында 2002 жылдан бастап жұмыс істейді.

Жамбыл облысы прокуратурасының соттарда мемлекет мүддесін өкілдік ету жөніндегі басқарманың аға прокуроры және Бас прокуратураның соттарда мемлекет мүддесін өкілдік ету жөніндегі және прокурорлардың ұсыныстарын қарау жөніндегі департамент басқармасының аға прокуроры, өтініштерді қарау және азаматтарды қабылдау туралы және заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі топтың - Бас Прокурордың аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың шілде айынан бастап Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметі орталығының Бас - Прокурордың аға көмекшісі лауазымында қызмет атқарған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың ақпан айынан бастап.




44 жыл бұрын (1976) «Казахстанская правда» газеті АҚ басқарма төрағасының орынбасары Владимир Геннадьевич КУРЯТОВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында дүниеге келді. Қызылордадаы «Болашақ» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1996-1998 жж. – ҚР Қарулы күштерінің әскері қатарында. Қызылода қалалық газетінің тілшісі (1998-1999 жж.). «Кызылординские вести» облыстық газетінің тілшісі (1999-2001 жж.), «Час пик» облыстық газетінің редакторы (2001-2005 жж.), т.б. қызметтер атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың ақпан айынан бастап.

2016 жылы ҚР Президенті сыйлығының лауреаты атанды.




40 жыл бұрын (1980) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы Жәнібек Мақсұтұлы НҮПІРОВ дүниеге келді.

Қазтұтынушылародағының Қарағанды экономикалық университетін, РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын тәмамдады.

Еңбек жолын Астана қаласындағы қазынашылық басқармасында бастаған (1999-2001); Қаржы министрлігінің қызметкері (2001), тағы басқа көптеген қызметтер атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың маусым айынан бастап.




38 жыл бұрын (1982) Бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Геннадий ГОЛОВКИН дүниеге келді.

Спортшы Қарағандыда туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). 2003 жылдан бері - «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы - спортшы. Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006). ҚР біріншілігінің жеңімпазы (2000-2002); ҚР I спартакиадасының чемпионы; жастар арасындағы әлем чемпионы (2000); Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002); әлем чемпионы (2003); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 75 кг дейінгі салмақта әлем чемпионы (Бангкок, Тайланд, 2003); Олимпиада ойындарының 75 кг дейінгі салмақтағы күміс жүлдегері (Афина, Грекия, 2004); «А» класы турнирлерінің көп мәрте жеңімпазы. Кәсіпқой бокста WBO нұсқасы бойынша «Интерконтиненталь» чемпиондық титулының иегері (2010). Геннадий Головкин - орта салмақта (73 кг) WBA, IBO және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-нде жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай