Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 14 тамыз 2020 21:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 15 тамызда Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найғазай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең 15 тамызда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кейжерлерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 70-100 %.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай