Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

8 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

2019 жылдың 7 қазан 2019 19:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 8 қазан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 08.30-да Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі мен БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) «Social Innovation» әлеуметтік инновациялар зертханасын іске қосады.

Сағат 10.00-де Елбасы кітапханасының басшылығы мен Экскурсиялық қызмет елорданың туристік саласын жоспарлау, дамыту және ілгерілету жөніндегі негізгі ұжым «Астана Конвеншн Бюро» өкілдерімен, ішкі туризммен айналысатын туристік компаниялардың экскурсия жетекшілері және гид-аудармашыларымен, қала мектептері мен колледждердің сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырушыларымен кездесу өткізеді.

Сағат 15.15-те Президент Әкімшілігі ғимаратында Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның елорда тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және тұтынушылар құқығын қорғауға арналған кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 16.00-де «Шабыт» ҚазҰӨУ Кәсіподақтар федерациясы Кәсіподақтар күніне арнап салтанатты шара өткізеді.

Сағат 16.30-да «Жекпе-жек» сарайында ерлер мен әйелдер арасында киокушинкай каратэден IV Әлем чемпионаты басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 08.30-да Вознесенский соборының ресми ашылуы өтеді.

Сағат 11.00-де Қазақстан Баспасөз клубында «Қазақстандағы краудфандинг: қаржы нарығының қайырымдылық немесе перспективті сегменті» тақырыбындағы шара аясында баспасөз өкілдеріне таңғы ас беріледі.

Сағат 19.00-де Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетованың авторлық концерт-мюзиклі өтеді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай