Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

8 қайыңды кесіп, 1,5 жыл түрмеде отыратын болды

2017 жылдың 16 қараша 2017 22:17

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдегі Владимир облысы Киржачский аудандық соты ағаштарды заңсыз кескен Подмосковья тұрғынына үкім шығарды.

Бұл туралы бүгін, бейсенбіде interfax.ru облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.

Балашиха қаласының тұрғыны 2017 жылы шілдеде сегіз қайыңды кесіп, Киржачский орман шаруашылығына 96 мың рубль зиян келтіргендігін анықтады.

Ер адам 2016 жылы да осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Ол кезде жазалау ретінде 100 мың рубль айыппұл салынған. Бұған қоса ол 400 мың рубль көлемінде келтірген шығынның орнын толтыруы тиіс болған. Бірақ ер адам айыппұлды да, келтірген шығынның да ақшасын төлемеген. Енді ол 1,5 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды.

Автор Ерлан Қожакелдиев
Басты сөздер: Ресей, Сот,
Жоғары қарай