Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

8 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде күн аяз болады

2021 жылдың 8 қаңтар 2021 06:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 8 қаңтар күніне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де Солтүстік антициклон жотасының ықпалында болады және аязды, қар, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде түнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, батысында – көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Түнде Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай