Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

7 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 6 желтоқсан 2021 21:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 7 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Алтын сапа» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізеді.

10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Конфессияаралық келісім – Қазақстан Тәуелсіздігінің негізі» атты халықаралық конференция өтеді.

11.00-де Қазақстандағы Беларусь елшілігі қос мемлекеттің 30 жылдық тұрақты әрі сенімді серіктестігі туралы брифинг өткізеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Жамбыл облысының дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де Достық үйінде «Отандастар қоры» КеАҚ қаламгер қандас, ақын, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқанның «Қандастар үлесі» атты жаңа кітабының тұсаукесерін өткізеді.

15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» халықаралық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

15.00-де «Hilton Astana» қонақүйінде қазақстандық бизнес және шетелдік инвесторлар қауымдастығы үшін Тәуелсіздіктің отыз жылдығына арналған басты оқиғалардың бірі – жаһандық инвестициялар бойынша жыл сайынғы төртінші дөңгелек үстел отырысы («Kazakhstan Global Investment Roundtable» - KGIR) өтеді.

15.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында «Адалдық - ардың ісі» атты республикалық тәжірибелік дөңгелек үстел отырысы өтеді.

17.00-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «2 млрд ағаш отырғызу жұмыстарының барысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Әлия Шалабекова; ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Құтпанбаев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

19.00-де «Үш неміс сонатасы» үрлемелі музыка кеші өтеді. Танымал қазақстандық музыканттар Жанар Жылтыркөзова (флейта), Алмаз Тоқпанов (кларнет), Қалқаман Дүйсенбаев (валторна), Ұлан Құлмаметов (фортепиано) үш неміс композиторының үрлемелі аспаптарға арналған сонаталарын орындайды.

19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақконцерт ел мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосқан өнер тұлғаларына арналған «Елім деп соққан жүректер» атты үлкен мерекелік концерт ұсынады.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай