Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

7 шілде. Туған күн иелері

2020 жылдың 7 шілде 2020 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 7 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР





37 жыл бұрын (1983) ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров дүниеге келген.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін үздік бітірген.

Әр жылдары СІМ-нің орталық аппаратында, Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде және Президенттің баспасөз қызметінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Соңғы жылдары Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінде кеңесші болды.

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың маусымынан.





63 жыл бұрын (1957) VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Федоровна БЫЧКОВА дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Физика (1978ж.), заң (1991ж.) факульттеттерін бітірген. (1986 ж.) Бүкілодактық ҒЗИ сот сараптамасы бойынша аспирантураны аяқтады.

1978-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ҒЗИ сот сараптамасында инженер, маман, кіші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер, бөлім бастығы, ғылыми жұмыстар бойынша бастықтың орынбасары, бастықтың міндетін атқарушы.

1997-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптама орталығының директоры.

2002 - 2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

2007 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс төртінші шақырылымының депутаты.

2012 - 2016 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі бесінші шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық комитетінің хатшысы.

Қазіргі қызметінде 2016 жылдың наурызынан бері.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен марапатталған.

Неміс тілін меңгерген.




58 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары Альберт Полатұлы МАТКАРИМОВ дүниеге келген.

Шымкентте туған. Ташкенттегі жоғары танкі командалық училищесін бітірген (1983).

Еңбек жолы: Түркістан әскери округінде қызмет еткен (1989-1992); РФ ІІМ ішкі әскерлері құрамында тәжік-ауған шекара учаскесінде ТМД сыртқы шекарасын қорғау бойынша тапсырмаларды орындаған (1993); Ішкі әскерлер құрамасының полкті моральды-психологиялық даярлау тобы бастығының аға көмекшісі лауазымынан құрама командирінің орынбасары лауазымына дейін қызметтер атқарған (1993-2002); ҚР ІІМ Ішкі әскерлер жоғары әскери училищесі бастығының орынбасары (2002-2003); ҚР ІІМ Ішкі әскерлер Батыс құрамасының, кейіннен ҚР ІІМ Ішкі әскерлер Шығыс құрамасының командирі (2003-2010); ҚР ІІМ әшкі әскерлер қолбасшысының орынбасары (2010 жылдан).

ІІ дәрежелі «Данқ» орденімен, ҚР, ТМД елдерінің және СССР медальдарымен марапатталған.

37 жыл бұрын (1983) ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров дүниеге келген.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін үздік бітірген.

Әр жылдары СІМ-нің орталық аппаратында, Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде және Президенттің баспасөз қызметінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Соңғы жылдары Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінде кеңесші болды.

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың маусымынан.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай