Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

2022 жылдың 22 қаңтар 2022 19:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 23 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

23 қаңтарда Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

23-24 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман cақталады. 24 қаңтарда шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда күші 15-20 м/с.

Шымкент қаласында 23-24 қаңтарда кей жерде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 23 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай