Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

7 маусым. Туған күн иелері

2020 жылдың 7 маусым 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 7 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




60 жыл бұрын (1960) ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Мәжитұлы ИМАШЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1977 жылы Қарағанды орта мектебін бітірді. 1982 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін құқықтану мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.

Қызмет жолын прокуратура органдарында бастады. Бірнеше рет КазССР және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрықтарымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметін атқарды. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Осы жылы Заңнама және құқықтық реформа жөніндегі комитет төрағасы болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық органдары жөніндегі комитетінің төрағасы. 2012-2016 жылдары ҚР Әділет министрі болып қызмет атқарды. Қазіргі қызметінде 2016 жылдың қыркүйек айынан.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Астанаға 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталған. Ю.Семеновтың «Детектив және саясат» Халықаралық қоры сыйлығының лауреаты.




46 жыл бұрын (1974) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Еркін Мұстафаұлы ШАЙМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тастүбек ауылында туған. Мәскеу мемлекеттік авиация институтының түлегі. 1998 жылы «Ғарыштық ұшу аппараттары және үдемелі айдау блоктары» мамандығы бойынша Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын бітірді.

1998 жылдың наурызынан бастап Ғылым министрлігі - ҚР Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасында «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерін пайдалану жағдайларын бақылау бойынша бөлімнің бас маманы (Байқоңыр қ.) болып жұмыс істеді. 1998 жылдың қарашасынан бастап аталған бөлімнің бастығы болып тағайындалды. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитеті «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының бастығы болып тағайындалды. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылдың 8 маусымынан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары болды. 2014-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы болған (2016-2019).

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың ақпанынан.

Марапаттары: «Ерен еңбегі үшін» медалі (2005 ж.); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.).


Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай