Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

7-20-25: Ел бойынша 17 328 азаматтың өтініші мақұлданды

2020 жылдың 10 сәуір 2020 16:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске асыру аясында 29 350 адамнан өтінім қабылданды. Оның 17 328-і банктердің оң қорытындысын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша қарыз алуға 333,87 млрд теңге сомасына 29 350 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 198,97 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 328 өтінім мақұлданды», - деді ҚР Ұлттық банкінен.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-ның + 7 (727) 227-20-25 телефон нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.

Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында қосымша ақпаратпен таныса аласыз.


Басты сөздер: ҚР Ұлттық банкі, Тұрғын үй,
Жоғары қарай