Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 74 мыңнан астам өтінім қабылданды

2021 жылдың 29 қазан 2021 16:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 74 824 өтінім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша несие алуға 929,7 млрд теңге сомасына 74 824 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 532,1 млрд теңгеге қарыз беруге 42 927 өтінім мақұлданды»,- делінген хабарламада.

Еске салайық, аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына - 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна - 20% бастап. Несие мерзімі - 25 жыл.

Бұған дейін Ұлттық банк «7-20-25» қашан аяқталатынын айтқан болатын.


Жоғары қарай