Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

7-20-25: Бағдарлама аясында 16,5 мың адамның ипотека рәсімдеуіне рұқсат берілді

2020 жылдың 10 наурыз 2020 17:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 27 940 өтінім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 наурыздағы соңғы ақпаратқа сенсек, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында қарыз алуға 317,2 млрд теңге сомасына 27 940 өтінім келіп түскен. Нәтижесінде 189,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 16 506 өтінім мақұлданды.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар болса, «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.

Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.


Жоғары қарай