Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«7-20-25»: 19 мыңға жуық қазақстандық баспаналы болды

2020 жылдың 10 маусым 2020 18:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде ел бойынша 19 мыңға жуық өтінім мақұлданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 4 маусымдағы жағдай бойынша қарыз алуға 366,31 млрд теңге сомасына 32 009 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 216,52 млрд теңге сомасына қарыз беруге 18 769 өтінім мақұлданды», - делінген ақпаратта.

Қазақстандықтар «7-20-25» бағдарламасына қатысты «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-ның + 7 (727) 227-20-25 нөміріне тәулік бойы хабарласа алады. Сонымен қатар қосымша ақпаратпен ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында танысуға болады.


Жоғары қарай