Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

672 млн теңге айыппұл кімге салынды

2020 жылдың 3 шілде 2020 16:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы 2,5 жылда 1 096 пара алушы сот үкімімен жалпы сомасы 8,6 млрд теңге айыппұлға сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың монетарлық тиімділігінің тағы бір түрі - пара алғаны және бергені үшін еселенген айыппұл институты. Айыппұл мөлшері пара көлемінің 10 есесінен бастап 80 есесіне дейінгі аралықта болады. 2018-2019 жылдары және 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 1096 пара алушы сот үкімімен жалпы сомасы 8,6 млрд теңге айыппұлға сотталды.

«Айыппұлдың орташа мөлшері 8 млн теңгені құрады. Ұлттық экономика экс-министрінің ісімен пара беру фактілері бойынша Есмұқанов пен Смағұлов осы кезеңдегі ең жоғары айыппұл 672 млн теңгеге сотталды. Сот 2020 жылы ең ірі айыппұл – 411 млн теңгені Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Уәлиевке салды», - деді Нұрлан Жақсымбетов.


Жоғары қарай