Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

61 мың адам зейнетақы аннуитеті бойынша шарт бекітті

2021 жылдың 24 ақпан 2021 14:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысулар департаменті Сақтандыру нарығын дамыту басқармасының басшысы Сағи Әжібек зейнетақы аннуитеті шарттарының статистикасын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта өмірді сақтандыру бойынша нарықта 9 компания бар, олардың қызметі лицензия негізінде жүргізіледі және мемлекет бақылауында болады» - деді С. Әжібек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры есебінен зейнетақы аннуитеті төлемдеріне кепілдік беріледі, бұл өмірді сақтандыру компаниясы банкрот болған жағдайда зейнетақы аннуитеті бойынша үзіліссіз төлемдерді және сақтанушылар алдындағы міндеттемелерді үздіксіз орындауды қамтамасыз етеді.

«Қазіргі уақытта 61 мыңға жуық адам өмірді сақтандыру компаниясымен жалпы сомасы 283 млрд теңгеге зейнетақы аннуитеті шарттарын жасаған, осылайша өздерін зейнеттегі өмірлік төлемдермен қамтамасыз еткен», - деді С. Әжібек.

Бұған дейін спикер зейнетақы аннуитеті шартының қандай артықшылықтар беретінін және зейнетақы аннуитетіне қатысты заңнамаға қандай өзгеріс енгізілгенін түсіндірген еді.




Жоғары қарай