Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

6 маусым күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 5 маусым 2020 23:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 6 маусым күні еліміздің батысы мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аумақтарда дауыл, бұршақ болжанады. Қазақстанның қалған аумағы әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауылмен сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде - тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде желдің күші 25 м/с артып, шаңды дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Қызылорда, күндіз Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.

Сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай