Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

58 адамның 66 млн теңгесін алдап алған қызылордалық сотталды

2019 жылдың 10 қазан 2019 10:51

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада пәтер алып беремін деген желеумен 58 адамды алдап кеткен азамат бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаяқтықпен айналысқан әйел 2016-2018 жылдар аралығында жергілікті тұрғындардан ақша алдап алған. Ол тұрғындарға Қызылорда қаласының аумағынан салынып жатқан тұрғын үйлерден пәтер алып беретінін айтқан. Осылайша жәбірленушілердің сенімдеріне кіріп, олардан ақша алған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 66 млн теңгеден астам мөлшерде шығын келтірген.

«Ол алаяқтық қылмысы үшін сот жауап беріп 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды» - деді Қызылорда облыстық прокуратурасы.

Жоғары қарай