Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

55 қазақстандық Америкадан елге оралды

2020 жылдың 25 наурыз 2020 15:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус пандемиясы аясында АҚШ-тағы қазіргі жағдайға байланысты бүгін Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінің және Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы Қазақстан Бас консулдықтарының көмегімен АҚШ аумағындағы 55 отандасымыз елге қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бірқатар халықаралық әуе рейстерінің болмауына және шетелдіктер үшін транзиттік аймақтардың жабылуына байланысты біздің көптеген азаматтарымыз Қазақстанға ұшып шығу мүмкіндігінен айырылды.

«Осы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстанның АҚШ пен Ресейдегі елшіліктері бірлесіп, отандастарымызды Нью-Йорктен Мәскеу арқылы транзитпен ұшырды» деп мәлім етті Сыртқы істер министрлігінен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 33 азаматы Сауд Арбаиясынан аман-есен елге оралған болатын.






Басты сөздер: Коронавирус, ҚР СІМ, Оқиға,
Жоғары қарай