Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

500 мың адамға азық-түлік жиынтығы беріледі

2020 жылдың 24 наурыз 2020 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 500 мың адамға азық-түлік жиынтығы беріледі. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір адамға азық-түлік жиынтығын берудің ерекше тәртібі әзірленді. Онымен карантин аймағында тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары мен ересек мүшелері, сонымен қатар 1-топтағы барлық мүгедектер қамтамасыз етіледі. Жалпы мұндай көмекпен жарты миллионнан астам адам қамтылады», - деді Дәурен Абаев.


Жоғары қарай