Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

50 жастағы қостанайлық 432 келі есірткіні гаражында сақтап келген

2020 жылдың 3 тамыз 2020 13:55

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Рудный қаласының полицейлері аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған 50 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктінің гаражынан 418 келіден астам көкнәр, 14 келінің үстінде гашиш, сондай-ақ, электронды таразы мен 750 мың теңге табылған.

«Қазір ұсталған азаматқа ҚР ҚК 297 бабында көзделген заңсыз есірткі сақтады деген айып тағылды. Күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр. Қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс барысында арнайы сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр», - дейді Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қайрат Дүйсембеков.

Полицияның мәліметінше, тәркіленген есірткі затының құны 30 млн теңгені құрайды.


Жоғары қарай