Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

5 жылда мұрағат саласына мыңға жуық маман қажет болады

2020 жылдың 24 қараша 2020 17:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алдағы 5 жылда мұрағат ісі саласына 1 мыңға жуық білікті маман қажет болады. Бұл жайында Сенат депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұрағат саласында мамандар дайындау кадр қажеттілігінің қысқа мерзімді және орташа қысқа мерзімді болжамы негізінде қалыптасатын мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүргізіледі. Болжамдарға сәйкес, таяу 5 жылдың ішінде салаға жоғары білімі бар 945 маман қажет болады», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының атап өтуінше, еліміздің Білім және ғылым министрлігі аталған қажеттілікті қамтамасыз ету үшін 2020 жылы мұрағат мамандары үшін бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша 55 білім беру грантын қарастырыған. Оның 35-і бакалавриатқа, ал 20-сы магистратураға бөлініп отыр.

«Қалған қажеттілік аралас мамандық түлектерін, бірінші кезекте филологтарды тарту есебінен толықтырылатын болады. Толықтай алғанда, 2019-2020 оқу жылында жоғары оқу орындарында аталған мамандық бойынша 82 студент (бакалавриат - 73, магистратура - 9) білім алды», - деді Премьер-Министр.


Жоғары қарай