Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

5 тамыз. Туған күн иелері

2021 жылдың 5 тамыз 2021 08:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 5 тамыз күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




99 жыл бұрын (1922-2014) авиация генерал-майоры, екі мәрте Совет Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы БИГЕЛДИНОВ дүниеге келді.

Ақмола облысы Майбалық ауылында туған. Саратов және Орынбор әскери авиациялық училищесін бітірген. Балалық және жастық шақтарын Бішкекте өткізді. 16 жасында аэроклубқа оқуға түсті. 1943 жылдың қаңтарында Бигелдинов Калинин майданына келді және алғашқы шайқастарда-ақ ерлік көрсетті. 1944 жылдың 26 қазанында оған Совет Одағының Батыры атағы берілді. Бұл уақытқа дейін ол 200 әскери ұшулар жасады. Т. Бигелдинов Берлин үшін шайқасқа да қатысты. 1945 жылдың 27 маусымында оған екінші мәрте Совет Одағының Батыры атағы берілді. Ол Совет Одағының Батыры атағын екі рет иеленген 65 әскери ұшқыштың бірі болды. Бигелдинов 1945 жылдың 24 маусымында Жеңіс шеруіне қатысты.

1950 жылы Бигелдинов әскери-әуе академиясын аяқтады және 1956 жылға дейін СССР Қорғаныс Күштерінің қатарында командир орынбасары және авиациялық полк штабының басшысы қызметтерінде жұмыс істеді. 1956 жылы авиацияның генерал-майоры Бигелдинов запасқа кетті. 1957-1970 жылдар аралығында – Азаматтық авиацияның қазақ территориалдық басқармасының аға инспекторы және бастықтың орынбасары. 1968 жылы Бигелдинов Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын сырттай бітіріп, ұзақ уақыт бойы ҚазССР мемлекеттік құрылымы жүйесінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

Т. Бигелднинов, сондай-ақ Ленин орденімен, екі рет Қызыл Ту орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Қызыл Жұлдыз, Александр Невский, ІІІ дәрежелі Даңқ және өзге де отандық және шетелдік ордендермен және медальдармен марапатталған.




64 жыл бұрын (1957) Қостанай облысы кәсіподақтар орталығының төрайымы Ирина Петровна АРОНОВА дүниеге келді.

Калининград облысы (қазіргі РФ) Светлый қаласында туған. әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген.

1977-1984 жылдары Қостанай облысы Науырзым аудандық мәдениет үйінің методисі болды. 1984-1985 жылдары - Қостанай облысы Науырзым аудандық мәдениет бөлімінің инспекторы. 1985-1987 жылдары – Қостанай облысы Науырзым аудандық жергілікті радиоұйымдастырушысы. 1987-1992 жылдары – Қостанай облысы Науырзым аудандық атқару комитеті мәдениет комитетінің төрайымы. 1992 жылы – Қостанай облысы Науырзым аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1992-1995 жылдары – Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің орынбасары. 1995-1998 жылдары – Қостанай өңірлік күнкөрісі төмен азаматтарды қолдау қорының атқарушы бастығы. 1998-2007 жылдары – «Отан» («Нұр Отан» ХДП) Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2012-2016 жылдары – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2016-2021 жылдары – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы.

2021 жылдың ақпанынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Қазақстан Республикасының тәулсіздігіне 20 жыл» (2011) медальдарымен, ҚР Президенті құрмет грамотасымен (2007) марапатталған.




62 жыл бұрын (1959) – Қостанай облыстық сотының төрағасы Анатолий Сергеевич СМОЛИН дүниеге келді.

Ақмола облысы Новочеркасск ауданының Жалтыр ауылында туған. Свердлов заң институтының заң факультетін бітірген (1986), құқықтанушы.

Еңбек жолы: 1977 жылдан – РКФСР Свердлов облысының Асбест қаласындағы асбест байыту фабрикасының конвейер машинисі. 1978 жылдан – Көкшетау тас уату зауытында ДСЦ-2 ауысым шебері. 1978-1981 жылдары – ӘТФ қатарында қызметте. 1986 жылдан – Көкшетау облыстық сотында сынақ мерзімінен өтуші. 1987 жылдан – Көкшетау облысы Красноармейск аудандық сотының судьясы, 1990 жылдан – сот төрағасы. 1996 жылдан – СҚО Тайынша аудандық сотының төрағасы. 1998 жылдан – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер женіндегі алқасының терағасы. 2002 жылдан – ҚР Жоғарғы сотының судьясы. 2007 жылдан – ҚР Жоғарғы сотының қадағалау алқасының төрағасы. 2010 жылдың ақпан айынан бері – ҚР Жоғарғы сотының судьясы. 2015-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы. 2018-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы.

2020 жылдың желтоқсанынан бастап қызіргі қызметінде.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) мерейтой медальдарымен, ҚР Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған (2009).




60 жыл бұрын (1961) киноактер, Қазақстанның халық әртісі Жанат Әнуарбекұлы БАЙЖАНБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының актерлік факультетін бітірген (1982), театр және кино актері.

1982 жылдан бері – «Қазақфильм» киностудиясының актері (қазіргі – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ). 2002-2004 жылдары – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК киностудиясында актерлік бөлімнің бастығы. Қазақстанның еңбек сіңірген актері, СССР Кинематографистері одағының мүшесі (1987 жылдан).

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005).




50 жыл бұрын (1971) Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры Әлия Маратқызы ЖҰМАБАЕВА дүниеге келді.

Ақмола облысының Көкшетау қаласында туған. 1996 жылы Семей мемлекеттік университетін (Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институты) экономика және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы басқару мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Заңтану академиясын - «Әділет» құқықтық жоғары мектебін бітірген соң құқықтану мамандығы берілген. 2009 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ «Master of Business Administration» МВА бағдарламасын (стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік мамандығы бойынша) бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы бухгалтер-кассир қызметінен бастаған, 1997 жылдан 1998 жылға дейін Көкшетау қалалық Білім департаментінің жетекші экономисі болып қызмет еткен. 1998 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің департаменттерінде жетекші, бас маман, бөлім бастығының міндетін атқарушы лауазымдарын атқарған. 2001 жылдан 2003 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі департаменті бөлімі бастығының міндетін атқарушы, бөлім бастығы, Басқарма бастығы, директорының орынбасары. 2003 жылғы сәуір-тамыз – «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ бас сарапшысы. 2003 жылдан 2005 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Бәсекелестікті қорғау және дамуын үйлестіру департаментінің директоры, Теміржол көлігі және порттар саласындағы реттеу және бақылау департаментінің директоры. 2006 жылдан 2008 жылға дейін консалтингтік компанияларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2008 жылдан 2009 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ішкі аудит департаментінің директоры, Статистикалық процестер және инструментарий департаментінің директоры. 2010 жылдан 2011 жылға дейін – «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ICS департаментінің директоры. 2011 жылдан 2014 жылға дейін – «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Интеграциялық саясат департаментінің директоры. 2014 жылдан 2017 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары. 2017 жылғы 18 қазаннан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.




48 жыл бұрын (1973) Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Қожахметұлы СОЛТАМБЕКОВ дүниеге келді.

Білімі – жоғары, мамандығы – инженер-құрылысшы.

Еңбек жолын ағаш ұстасы цехының шеберінен бастады. Әр жылдар бойы бірқатар басқармаларда түрлі позицияларда еңбек етті. 5 жыл бойы елорданың коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеді. Соңғы жылдары Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасын, отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі қызметінде.




33 жыл бұрын (1988) Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті директорның орынбасары Нұргүл Талғатқызы АЙТБАЕВА дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. 2020 жылы халықаралық құқық мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2019 жылы халықаралық экономикалық құқық және саясат мамандығы бойынша (IELPO) Барселона университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласында «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-да бастап, сарапшының ассистенттігінен Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері бойынша жобалардың жетекшісіне дейінгі жолдан өтті. 2019 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы және сауда-экономикалық ынтымақтастық жобаларының жетекшісі қызметіне тағайындалды.

2021 жылғы қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.​

2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай