Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

5 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылдың 4 мамыр 2021 20:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 мамырда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде «Қазіргі заманда адам мен қоғамның өзара үйлесімді ықпалдастығы үшін далалық атқа міну өркениетінің тарихи маңызы» тақырыбында онлайн сұхбат алаңы құрылады.

11.00-де онлайн режимде ЕО-БҰҰ Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған «Жарық сәулесі» (Spotlight Initiative) Өңірлік бастамасы бағдарламасының VI компоненті аясында Орталық Азиядағы азаматтық қоғам ұйымдарына арналған шағын гранттар конкурсының қорытындылары таныстырылады.

12.00-де «Experts Hub Kazakhstan» жобасының сарапшыларымен «Дәрігерлер айтады: COVID-19 індетіне қарсы вакциналау жөніндегі ең маңызды сұрақтарға жауап» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Еліміздегі өрт қаупі кезеңнің өтуі туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев. Көрсетілім сілтемелері: youtube , facebook .

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Денсаулық сақтау министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы» өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Көрсетілім сілтемелері: youtube.com , facebook.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: БАҚ, Аймақ,
Жоғары қарай