Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

5 қалада​ қандастарға арналған фронт- офистер ашылды

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 13:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміз бойынша атамекенге ​ оралған бауырлардың құжаттарын заңдастыруға және қандастардың​ кез-келген түйіткілді мәселелерін шешуге көмектесетін «Отандастар қорының» бірыңғай ақпараттық орталығы жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл орталық​ ​ оралман куәлігін алу,​ елімізде тұрақты тұруға рұқсат алу және азаматтық алу үшін құжаттар жинау үдерісіне заңдық және ақпараттық жағынан жедел кеңес береді. Оның құрамына кіретін фронт- офистер қандастарды алаңдатқан мәселелерді анықтап,тиісті мекемелер арқылы тез шешуге көмектеседі.Бұған қоса қандастарымызға​ жұмыс өтіліне қарай зейнетақы төлеу, сондай—ақ, өңірлік квотаға енгізілген ағайындарымызға ​ көшіп келу​ жол шығындарын өтеу​ және үй жалдауға субсидия беру жайында да ақпарат алуға болады.

«Атамекен» ҰКП, «ҚазАгро» холдингі, «Даму» қоры, «Kazakh invest» ұлттық​ компаниясы арқылы​ ​ қандастарымыздың қандай несиелер алып, кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыруға болатыны туралы да кеңестер беріледі.​ «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының»​ өңірлердегі өкілдігі саналатын фронт-офистер еліміздің 10 қаласында ашылды. Өткен жылы 5 қалада ашылса, жаңа жылдан бастап тағы 5 қалада іске кірісті. 2019 жылы 1404 нөмірлі ақпараттық орталыққа 2640 қандасымыз қоңырау шалып, хабарласса, фронт-офистерге 1587 қандасымыз қабылдауға келді. Олар көтерген мәселелер құзырлы мекемелерге жіберіліп, жедел шешімін тапты. Ақпараттық орталыққа мобильді және қалалық телефондар арқылы 1404 нөміріне хабарласуға болады.





Басты сөздер: Қандастар, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай