Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

42500 теңге туралы СМС алған тұрғындар өтініш жібермей-ақ жәрдемақы алады

2020 жылдың 16 шілде 2020 15:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табысынан уақытша айырылған азаматтарға берілетін 42500 теңге жәрдемақы кей тұрғындарға проактивті түрде тағайындалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жолғы мәліметтерге сүйеніп, 42500 теңгені неге төлей салмайсыздар?» деген сұрақ қойылып жатыр. Иә, бізде бүкіл мәлімет бар. Бірақ, бүгінгі шектеулер ТЖ қарағанда жеңілдеу және әр өңірде әр санитарлық дәрігердің шектеулері өзгеше. Көп құрылыс нысандары, қызмет көрсету салалары жұмыс істеп жатыр. Оның үстіне өткен жолы өтінім бермеген кісілер бұл жолы ақысыз демалысқа кетуі мүмкін. Сондықтан, қайтадан өтініш берілуі тиіс», - деп атап өтті министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Дегенмен, министрлік жәрдемақыны проактивті форматта тағайындауды қарастырып жатыр.

«Өткенде 42500 теңгені сәтті алған тұрғындарды сараптай келіп, жағдайы өзгермеді-ау деп болжаған кісілерге сұрау жіберіп жатырмыз. Сіз өткенде 42500 теңге алдыңыз, бұл жолы да табысыңыздан айырылдыңыз ба деген СМС жібердік. Иә деген жауап келсе, сол тұрғынға еш өтінішсіз төлем тағайындау шарасын жасаймыз. Сондықтан, бүгін СМС алған кісілер табыстан айырылғаныңызды растаған болсаңыз, ертең жұма күні порталдарға өтініш берудің қажеті жоқ. Жай ғана өз мәртебеңізді тексерсеңіз, «Сіз үшін өтініш қабылданды» деп жазылып тұрады», - деді Б. Нұрымбетов.

Сонымен бірге министр жәрдемақы алуға өтініштердің 1 қыркүйекке дейін қабылданатынын жеткізді.

«Бұл жолы осы күнге дейін үлгеру керек деген еш шектеу қоймаймыз. Бұл төлем шілде айына арналады. Бірақ порталдар 1 қыркүйекке дейін өтініш қабылдай береді», - деді Б. Нұрымбетов.

Бұған дейін спикер 42500 теңге жәрдемақы төленетін санаттарды жариялаған еді.

Сонымен бірге министр 42500 теңге жәрдемақының кімдерге берілмейтінін түсіндірді .

Одан бөлек, 42500 теңге жәрдемақыға өтінім беру жолдары да жарияланды .



Жоғары қарай