Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

4 тамыз. Туған күн иелері

2021 жылдың 4 тамыз 2021 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 4 тамыз күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




64 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бекболат Серікбекұлы ОРЫНБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Қазақ политехникалвық институтын (инженер-электрик) және Агротехникалық институтты (экономист-бухгалтер) бітірген.

1979 жылдан - №110 Қаратау кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы, өндіріс шебері, директордың орынбасары. 1992-1993 жылдары - «Қаратау» қауымдастығының бас директоры. 1994-1997 жылдары - «Бірлік» кәсіпорнының директоры. 1997-1998 жылдары - «Жамбылавтожол» коммуналдық кәсіпорнының жетекші маманы. 1999-2003 жылдары - Қаратау қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2010 жылдары - Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі. 2010 жылы - Сарысу ауданының әкімі. 2010-2013 жылдары - Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімі. 2013-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың тамыз айынан бері.




53 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі аппаратының басшысы Талғат Амангелдіұлы МОМЫШЕВ дүниеге келді.

Көкшетау облысы Щучинск қаласында туған. Жамбыл гидромелиоративтік - құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1994-1997 жылдары – «Қарахан» БК Атқарушы директоры. 1997-1998 жылдары – Жамбыл стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары. 1998 жылы «Интержүйе» ЖШС президенті болды. 1998-1999 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.1999-2000 жылдары – Жамбыл облыстық Инвестициялар және Сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы. 2000-2003 жылдары – «Метрология» РМК-ның Алматыдағы филиалының директоры. 2003-2005 жылдары – «Қазсертико» МҒПО РМК директорының бірінші орынбасары, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының бастығы. 01.2005-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (2010 жылдан бері Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары. 2010-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы.

Қазіргі қызметінде 2021 жылғы қаңтардан бастап.




46 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Ербол Қанатұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2004 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 2020 жылы Лондон Корольдік колледжінде (Ұлыбритания) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтті.

Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің экономика басқармасының жетекші маманы. 1999 жылы Астана қаласы әкімдігінің экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің бас маманы болды. 1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Астана қаласы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК маманы. 2000-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің бас маманы. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы, бөлім бастығы. 2002-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Шаруашылық басқармасы» РМК директорының орынбасары. 2007-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК директоры.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың ақпан айынан бастап.




40 жыл бұрын (1981) «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әділ Бектасұлы МҰХАМЕДЖАНОВ дүниеге келді.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығын және Ноттингем университетін (Ұлыбритания), Чикаго университеті жанындағы Бут атындағы бизнес мектебін (ЕМВА дәрежесі) бітірген.

Еңбек жолы: 2004-2010 жылдары – «Арал ПетроллиумКэпитал» ЖШС вице-президенті, PLS Канада «CaspianEnergyInc» директорлар кеңесінің мүшесі. 2010-2011 жылдары – «Отан» АЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы. 2008-2016 жылдары – «АзияКредит Банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. 2016-2021 жылдары – «Қазақстан ипотека компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың мамыр айынан бастап.




35 жыл бұрын (1986) Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы НАРЫМБЕТОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2007-2013 жылдары үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеді. 2013-2014 жылдары –Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы, басшысы. 2014-2016 жылдары – Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы. 2016-2017 жылдары – БҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы, стратегиялық даму бөлімінің басшысы. 2017-2018 жылдары – БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары. 2019-2021 жылдары – Орал қаласы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың наурыз айынан бастап.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай