Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

39 жастағы СҚО тұрғыны төрт күннен бері табылмай жатыр

2021 жылдың 19 қараша 2021 22:03

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында волонтерлер 39 жастағы ер адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Антон Регнер Петропавл тұрғыны. 1982 жылы дүниеге келген. Ер адамды соңғы рет 15 қараша күні «Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалында көрген екен. Содан кейін түсініксіз жағдайда одан хабар үзілген.

Өңір волонтерлері Антон Регнерге іздеу жариялады, алайда әзірге нәтиже жоқ. Айтуларынша, ер адам арықша келген, сарғылт шашты, көк көзді, мұрыны сынған, иегінде бет шұңқыры бар.

Сол күні үстінде қара бас киім, қара былғары күртеше, спорт шалбары және кроссовки болған. Өзімен бірге жеке куәлігі және телефоны болуы тиіс.

Жоғалған адам жайында қандай да бір мәлімет болған жағдайда 8 777 307 99 65, 7 926 626 64 33 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.


Жоғары қарай