Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

366 мыңнан астам елорда тұрғыны вакцинаның 1-і компонентін алды

2021 жылдың 11 тамыз 2021 18:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 366 мыңнан астам адам коронавирус індетіне қарсы вакцинаның 1 компонентін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде 366 мыңнан астам адам вакцинаның 1 компонентін алды және 284 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті. Халықтың вакцина алуын қамту мақсатында медицина ұйымдарда, сауда орталықтарында екпе егу бекеттерінің жұмыс кестесі жексенбі мен мереке күндерін қоса алғанда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ұзартылды. Сондай-ақ, елордада 8 сауда ойын-сауық орталығында (Хан-Шатыр, MegaSilkWay, Керуен, Абу-Даби Плаза, Азия Парк, Сарыарқа, Евразия, Мечта дүкені) вакцина алу бекеттері жұмыс істеп тұр», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның мәлімдеуінше, бүгінде сауда және ойын-сауық орталықтарында барлығы 60 мыңға жуық адам вакцина алды.

«Соңғы уақытта халықтың вакцина алу белсенділігі байқалып отыр. Адамдар өз денсаулығымен қатар айналасындағылардың да саулығы туралы саналы түрде ойлана бастады», - дейді ол.

Бұған дейін Т. Мұратов жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың дені вакцина алмағанын мәлім етті.

Сондай-ақ, бүгінде елордада коронавируспен күресіп жатқан 7 баланың жағдайы ауыр.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласында бір тәуліктің ішінде жәдел жәрдем қызметіне 3300-ден астам қоңырау түсіп, мобильді бригадалар күніне 2 мыңнан астам шақыртуға барғаны айтылды.



Жоғары қарай