Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 410.70
EUR 465.28
RUB 5.80
CNY 58.81

31 мамырда Қарағанды, Қостанай және Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 31 мамыр 2020 06:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК еліміз қалаларындағы 31 мамыр күнгі ауа сапасы туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжамынша, 31 мамырда үш қалада – Қарағанды, Қостанай және Шымкентте жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жоғары қарай