Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

31 қазан. Туған күн иелері

2021 жылдың 31 қазан 2021 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 31 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




51 жыл бұрын (1970) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Майданұлы СӘТҚАЛИЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған, механик, математик. Экономика ғылымының кандидаты. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

1992 жылғы тамыздан – «ТаССат» ЖШС директоры. 1997 жылғы қыркүйектен – «ҚазТрансОйл» ҰМТК» АҚ менеджері, клиринг департаментінің басшысы, жобаларды басқару жөніндегі департамент басшысы. 1998 жылғы тамыздан – «ҚазТрансОйл» ҰМТК» АҚ басқарушы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті. 2001 жылғы қаңтардан – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ қаржы директоры, экономика жөніндегі вице-президенті. 2003 жылғы қарашадан – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті. 2006 жылғы мамырдан – «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ-ның «КЕGOC» АҚ бойынша топтың басқарушы-директоры. 2006 жылғы желтоқсаннан – «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ электроэнергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры. 2007 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары. 2007 жылғы қыркүйектен – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ президенті. 2008 жылғы қазан айынан бастап – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ-ның бірінші вице-президенті. 2009 жылғы желтоқсаннан – «Электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ-ның Басқарма Төрағасы. 2011 жылғы маусымнан – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры. 2012-2018 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы. 2018-2021 жж. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ активтерін басқару дирекциясының басшысы – басқарушы директоры, «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

Қазіргі қызметінде – 2021 жылғы наурыз айынан бері.




51 жыл бұрын (1970) Қостанай облысы әкімінің орынбасары Виктор Николаевич ИОНЕНКО дүниеге келді.

Қостанай облысының тумасы. 1970 жылы 31 қазанда Таран ауданы Асенкритовка ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

1992-1993 жж. - ЭМТП с/з Николаев бойынша инженер. 1993-1994 жж. – АГ «Монтажник», прораб. 1994-1996 жж. – «Монтажник» фирмасының директоры. 1996-1997 жж. – «Кустанайсельхозстроймонтаж» АҚ Таран ауданындағы филиалының бастығы. 1997-1999 жж. – ЭЛСП режимдер бойынша инженері. 01.10.1999 – 20.10-1999 жж. – техникалық қадағалау бас маманы. 1999-2000 жж. – Таран аудандық мәслихатының хатшысы. 2000-2001 жж. – Таран РЭҚ директорының орынбасары. 2001-2002 жж. – Қостанайэнерго ААҚ Таран РЭҚ директоры. 2002-2004 жж. - «МКК КЭСК» ТаранРЭҚ директоры. 2004-2009 жж. - «Қостанайэнергоорталығы» ЖШС ТаранРЭҚ бастығы. 2009-2010 жж. - «Костанайская горэлектросеть» бастығы. 2010-2013 жж. Қостанай облысы Денисов ауданының әкімі. 08.08.2013-30.10.2013 жж. - «А и Ф» ЖШС директоры. 2013-2015 жж. «Костанайстройтехнологии» ЖШС директоры. 2015-2017 жж. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі. 2017-2020 жж. Қостанай облысы Қарасу ауданының әкімі.

Қазіргі лауазымын 2020 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.




50 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Кеңесбайұлы МЫРЗАЛИН дүниеге келген.

Мәскеу мемлекеттiк халықаралық қатынастар институтын бiтiрген. Саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Орталық және жергiлiктi органдарда жұмыс iстеу тәжiрибесi бар. 1995 жылдың қазанынан 2004 жылдың қаңтарына дейiн ҚР СIМ жүйесiнде iстеген. 2004 жылдың қаңтары 2006 жылдың сәуiрi аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болып iстедi. 2006 жылдың сәуiрнен бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары, 2007 жылдың наурызынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары лауазымдарын атқарды. 2008 жылдың қарашасынан 2009 жылдың желтоқсанына дейiн «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2010 жылдың сәуiр-мамыр айларында - «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ президентiнiң кеңесшiсi болып iстедi. 2010 жылдың мамырынан 2011 жылдың тамызына дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы аппаратының басшысы лауазымын атқарды. 2011 жылдың тамызынан бастап 2013 жылдың шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң жауапты хатшысы болды. 2013 жылы шiлдеде Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқарушысының орынбасары, кейiн 2017 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқарушысының бiрiншi орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдың наурызынан берi Ақмола облысының әкiмi болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурызынан.

«Құрмет» орденiмен, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған.




48 жыл бұрын «Бәйтерек ұлттық басқару холдингі»АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Сағынәлиұлы ОМАРҚОЖАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бремен институтын бітірген. Ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, доцент.

1999-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті. 2002 жылғы шілдеден қарашаға дейін - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының атташесі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы консульдігінің атташесі. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас инспекторы. 2007 жылғы қаңтардан сәуірге дейін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары-Протокол қызметінің басшысы. 2007-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі. 2012 жылғы қыркүйектен - ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі.

Қазіргі қызметін 2016 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.




43 жыл бұрын (1978) Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Асқарбекұлы БЕКЕНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Құқық және нарық академиясын, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің редакция-баспа бөлімінде корректор болудан бастады. Әр жылдары Алматы қалалық салық комитетінің салық инспекторы, жетекші, кейін бас маманы, ҚР Қаржы министрлігінің үкіметтік займдарды тарту басқармасының бастығы, ҚР Президенті Әкішілігінің мемлекеттік ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің және Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. 2010-2014 жж. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, СҚО әкімінің орынбасары болды. 2015 жылдың қаңтарынан ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің әкімшілік жұмыстар департаментін басқарды. «Ақтөбе» ӘКК басқарма төрағасы болып қызмет етті. 2016-2020 жж. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметінде.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді.




37 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Төлеұлы ТӨЛЕЕВ дүниеге келді.

Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер. Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «ТопЮрАудит КазГЮУ» ЖШС-де юрисконсульт болып бастады, 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты, одан кейін Қазақстан Республикасы Заңнама институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарды. 2008 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеп келеді: Әкімшілік Басшысының хатшылығында консультант, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің инспекторы, сектор меңгерушісі болды. 2019 жылғы шілдеде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016) және 4 мерекелік медальмен марапатталған.




25 жыл бұрын (1996) қазақстандық шахматшы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Рамазанқызы СӘДУАҚАСОВА дүниеге келді.

Ақмола қаласында туған. Ол шахмат ойнауды бес жасынан үйренген. 2012 жылы 16 жасында Қазақстанның әйелдер арасындағы ең жас гроссмейстрі атанған. Халықаралық гроссмейстер биыл Әл-Аинде (БАӘ) өткен Азияның шахмат саммитінде 2017 жылғы ең үздік шахматшы атанды. Asian Chess Excellence Awards сыйлығын иеленді. Қыздар арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы. Ол – биыл ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ерікті елшісі болып сайланған тұңғыш қазақ қызы. Динара жыл сайын шахматтың қыр-сырын үйрету, жастарды кәсіби шыңдау мақсатында «Гроссмейстер Динара Сәдуақасова кубогы» атты шахмат турнирін өткізіп тұрады. Азияның ең үздік шахматшысы 16 қазан 1996 жылы Астанада өмірге келген. Жастайынан көпшілікке шахматты үйретуді қолға алуы – еңбекқорлық. 2014 жылы «Шахматтың алғашқы қадамдары» атты кітабын стипендиясына шығарған. Осы кітаппен 2016 жылдан бері қазақстандық оқушылар шахмат үйренеді.

«Құрмет» орденінің иегері.




Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай