Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

30 жастағы қостанайлық өртеніп жатқан үйден балаларды алып шықты

2020 жылдың 10 маусым 2020 22:38

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 30 жастағы ер адам балаларды өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 10 маусым күні сағат 00:30 шамасында Федоров ауданының Первомай ауылында болған.

«Юбилейная көшесіндегі екі үйден өрт шықты. Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыды. Пәтер шатырлары мен бөлмеаралық жақтаулар құлады. Жалын салдарынан пәтер иесі мен оның 6 жасар ұлын күйік шалды. Сонымен қатар бірнеше баланы үйден алып шыққан 1990 жылы туған ер адам жарақат алды.


Зардап шеккендердің барлығы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды. Өрт себебі мен материалдық шығын анықталуда.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды тұрмыстық жағдайларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.


Жоғары қарай