Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

30 қазан. Туған күн иелері

2020 жылдың 30 қазан 2020 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 30 қазан күні дүниеге келген тұлғалардың күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




45 жыл бұрын (1975) Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Абылайұлы ЫДЫРЫСОВ дүниеге келді.

Жезқазған қаласында туған. 1997 - 1998 жылдары - О.А. Байқоныров атындағы Жезқазған университетінде «Тау кен машиналары мен жабдықтары» кафедрасының көмекшісі. 1999 жылы - Астана қаласында Қазақстан Республикасы шағын бизнесті қолдау бойынша агентігінің жетекші бас маманы. 1999 – 2001 жылдары - Астана қаласында Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау және бәсекелестікті қорғау, табиғи монополияны қалыпқа келтіру бойынша агентігінің бас маманы. 2001 жылы - «Казахойл-Продактс ЖАҚ «ННК «Казахойл» ЖШС маманы. 2002 жылы - Қазақстан Республикасы шағын бизнесті қолдау және бәсекелестікті қорғау, табиғи монополияны қалыпқа келтіру бойынша агентігі басқармасының басшысы. 2002 - 2003 жылдары - Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша басқару комитеті басшысының міндетін атқарушы; Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің шағын бизнесті қолдау бойынша басқару комитетінің басшысы. 2003 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде бөлім консультанты, бас сарапшы; сектор меңгерушісі. 2007 - 2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің сектор меңгерушісі; Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры. 2008 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2012 – 2013 жылдары - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы; Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі. 2013 – 2015 жылдары - «Нұр Отан» партиясы активін басқару департаменті инспекторы, директор орынбасары, директоры; Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында аудит қызметінің басшысы.

2016 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының әкімі.




39 жыл бұрын (1981) Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ӘЙТЕНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында туған. 2004 жылы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған. 2006-2008 жылдары - ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі. 2008-2010 жылдары - ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы. 2010-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі. 2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының орынбасары болды.

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың қаңтар айынан бері.


Басты сөздер: Күнтізбе,
Жоғары қарай