Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

30 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2020 жылдың 29 қаңтар 2020 20:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 30 қаңтар күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.40-та Қазмедиа орталығында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жағдайында медициналық көмек көрсетуді түсіндіруге арналған баспасөз туры өтеді.

10.30-да Эталон орталығында ауылшаруашылық өнімдері саудасындағы өзекті мәселелер бойынша конференция өтеді.

11.00-де «Сарыарқа» ауданы әкімдігінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері МКК төрағасының орынбасары Ж. Д. Инкербаевтың төрағалығымен оңалту, банкроттық және салық салу саласындағы заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістерін түсіндіру бойынша семинар өтетінін хабарлайды.

11.00-де «Samruk-Aqparat» баспасөз орталығында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС «Импортты алмастыру бағдарламасының 2019 жылғы нәтижелері» тақырыбында брифинг өткізеді.

15.00-де Сенатта ҚР Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтеді.

15.00-де Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

15.00-де «Астана Балет» театрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткен жылды қорытындылауға және биылғы жылдың жоспарларын талқылауға арналған кеңейтілген алқа мәжілісін өткізеді.

АЛМАТЫ

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының «Абай» әдеби орталығында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Оразалы Сәбденнің «Ұлы Абай ой-өркениетін асқақтату» тақырыбында дәрісі өтеді.

11:00-де Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы кеңсесінде 2019 жылы атқарылған жұмыстардың есебі бойынша жиын өтеді.

11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында «Сентрас Секьюритиз» АҚ Қазақстандағы инвестициялық қызметтер нарығы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Қазақстанның баспасөз клубында Қазақстандағы гемофилиямен ауыратын науқастар туралы баспасөз конференциясы өтеді.

17.00-де DoubleTree by Hilton Almaty қонақ үйінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Тигран Саркисян, ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу басқармасының мүшесі және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бәсекелестік бөлімінің басшысы Антонио Капобьянконың баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00-де «МЕЛОМАН-ГРАНД» дүкенінде кинорежиссер Әділхан Ержановпен шығармашылық кездесу өтеді.


Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай